Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтөбе облысында прокуратура қызметкері ұсталды

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлық қызметі прокуратура қызметкерін ұстады, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Ақтөбе облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Фото: gov.kz

Прокурор 17 ақпанда ұсталған.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық аппараты мен Бас прокуратураның өзіндік қауіпсіздік департаменті бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерін ұстады", - дейді прокуратура.

Әлеуметтік желіде прокурор ірі көлемде пара алған деген ақпарат тарады. Ол облыс аудандарының бірінде болған қылмыстық істі тоқтатуға уәде берген. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.