Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Наурызда қазақстандықтар қай күндері демалады?

2026 жылы наурыз айында еліміздің тұрғындары жалпы 13 күн демалады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Наурызда қазақстандықтар қай күндері демалады?
Фото: Baq.kz.

Наурыздағы мерекелерге тоқталатын болсақ, көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі, олар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы. 8 наурыздағы демалыс күндері:

Халықаралық әйелдер күніне байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 7, 8, және 9 наурыз күндері демалады. 10 наурыз жұмыс күні.

Алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурыз күндері демалып, 10 наурызда жұмысқа шығады. Наурыз мейрамы: Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр.

Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз – жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады.