Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Батыс Қазақстанда бухгалтер кәсіпорынның 118 млн теңгесін бәске тіккен

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде бухгалтер аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Батыс Қазақстанда бухгалтер кәсіпорынның 118 млн теңгесін бәске тіккен
Фото: sputnik.kz

Лудоманияға шалдыққан кәсіпорынның бухгалтері компания қаражатын заңсыз пайдаланып, оларды букмекерлік кеңседе бәске тіккен.

Сондай-ақ ұрланған ақшаға жаңа автокөлік сатып алған.

"Мемлекетке 118 млн теңге залал келтірілген. Бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену фактісі бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр", - дейді прокуратура.

Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр, автокөлікке тыйым салынды.