«Қазгидромет» РМК бүгінге, 9 ақпанға арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Синоптиктердің дерегінше, бүгін еліміздің үш қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Атап айтқанда, Алматы қаласында, сондай-ақ Астана мен Атырауда түнгі уақытта ауа сапасының төмендеуі болжанып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлардың әсерінен атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін құбылыс.
Мұндай кезде елді мекендердегі ауа сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.