Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,4 теңгеге арзандап, 498,65 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 503,44 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 498,72 теңгеден сатып алынады, 501,34 теңгеден сатылады. Еуро 587,37 – 594,01 теңге, ал рубль 6,42 – 6,55 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,52 теңгеден сатып алынады, 75,01 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында: - доллар 497,04 теңгеден сатып алынады, 504,04 теңгеден сатылады; - еуро: сатып алу - 585,18 теңге, сату - 595,18 теңге; - рубль: сатып алу - 6,30 теңге, сату - 6,60 теңге. - юань: сатып алу - 72,84 теңге, сату - 77,29 теңге.