Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда үшем дүниеге келді

39 жастағы алматылық тұрғын үшемді дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанды. Бұған дейін отбасында үш бала болған, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған paryz.kz.

Алматыда үшем дүниеге келді
Фото: Алматы әкімдігі

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүктілік табиғи жолмен, қосалқы репродуктивті технология қолданылмай-ақ жүзеге асқан.

Мұндай жағдай акушерлік тәжірибеде сирек кездеседі. Босану жүктіліктің 32 аптасында шұғыл түрде кесар тілігі арқылы өткен. 

Түнгі сағат үш шамасында акушер-гинекологтар, анестезиологтар және неонатологтардан құралған көпсалалы медициналық команда жедел түрде жұмылдырылған. Осылайша, Алматы қалалық перинаталдық орталығында екі ұл бала мен бір қыз бала дүниеге келген.

Ұл балаларға Заңғар, Айбар, қыз балаға Әсел деген есім берілген. Орталық директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Салтанат Ербулатованың айтуынша, медициналық ұжымның үйлесімді әрі кәсіби жұмысының арқасында босану асқынусыз өткен.

Шала туған сәбилер алғашқы минуттан бастап бақылауға алынған. Олар тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында. Қазіргі таңда нәрестелер салмақ қосып келеді, жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, алдағы уақытта үйлеріне шығарылмақ.