Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Алматы облысында жеке сот орындаушылары 180 млн теңгені құмар ойындарға жұмсаған

Жеке сот орындаушылары құмар ойындарға 180 миллион теңге жұмсаған, деп хабарлады бас прокуратурада.

Алматы облысында жеке сот орындаушылары 180 млн теңгені құмар ойындарға жұмсаған
Фото: istockphoto

Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталды. Олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтады.

"Тексеру нәтижесінде олардың біреуі үш жыл ішінде ойын шотына 139 млн теңге, тағы бірі 26 млн теңге аударғаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада. 

Бас прокуратурада хабарлағандай, жария-маңызды функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың осындай көлемдегі қаражатпен құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келеді және қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне кері әсер етеді.

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданып, заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілді.