Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Медицина қызметкерін балағаттаған Ақтөбе тұрғыны айыппұл арқалады

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында фельдшерге былапыт сөз айтқан тұрғын айыппұл төледі, деп хабарлайды облыстық сот.

Медицина қызметкерін балағаттаған Ақтөбе тұрғыны айыппұл арқалады
Фото: sputnik.kz

Шалқар тұрғыны 103 телефон нөміріне қоңырау шалып, жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған. Алайда шақырту қабылдаған диспетчер-фельдшерді балағаттаған.

"Фельдшерге қатысты өзінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөздер айтып, құрметсіздік танытқан", - дейді сотта.

Тұрғынның мәселесі сотта қаралды. Ол өкінетінін айтып, кінәсін мойындаған. Ал балағат сөз естіген фельдшер кешірім берген.

Сот үкімімен ер адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 801-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 129 750 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.