Жетісу облысында үш жасар балаға қатысты зорлық фактісі тіркелді. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz.
Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні сағат 21:00-де «102» пультіне медициналық мекемеден үш жасар баланың зорлық белгілері бар дене жарақаттарымен жеткізілгені хабарланды.
«Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген полиция хабарламасында Полиция қызметкерлері баланың әкесін алкогольдік масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Қазіргі уақытта бала анасымен бірге медициналық мекемеде, оған қажетті көмек көрсетілуде. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Полиция департаменті басшылығының бақылауында