Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алдағы күндері Қазақстанда +17 градусқа дейін жылы болады

Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы +17 градусқа көтеріледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған paryz.kz.

Алдағы күндері Қазақстанда +17 градусқа дейін жылы болады
Фото: nur.kz

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынды күн райы күтіледі. Кей күндері қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ, тұман болып, бұрқасынмен бірге екпінді жел тұруы мүмкін.

Сонымен қатар оңтүстік-батыс бағыттағы жылы ауа массаларының келуіне байланысты күндіз ауа температурасы солтүстікте 0...-7°С-қа дейін, батыста, солтүстік-батыста және орталықта -5°С-тан... +2°С-қа дейін, оңтүстікте +8... +17°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +5...+15 °С-қа дейін көтеріледі.

4 ақпаннан бастап елдің батыс өңірлерінде скандинавиялық антициклон қалыптасып, соның әсерінен түнде ауа температурасы -20...-28°С-қа дейін төмендейді.