Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Наурыздағы мереке күндеріне байланысты қазақстандықтарға бірнеше қосымша демалыс күні беріледі, деп хабарлайды paryz.kz eGov.kz порталына сілтеме жасап.

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады
Фото: istockphoto

Қазақстанда 8 наурызда Халықаралық әйелдер күні атап өтіледі. Биыл мереке жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады.

Тиісінше, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады — 7 наурыздан 9 наурызға дейін, ал алты күндік жұмыс аптасында 8 және 9 наурыз демалыс күндері болып есептеледі. 

10 наурыз, сейсенбі — жұмыс күні. Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде Қазақстанда 21-23 наурыз аралығында тойланады.

21 және 22 наурыз сенбі және жексенбіге сәйкес келетіндіктен, мереке күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.

Яғни, қазақстандықтар қатарынан бес күн – 21-25 наурыз аралығында демалады. Айта кету керек, Қазақстандағы мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне сәйкес биыл қосымша демалыс күндері беріледі.