Астана соты Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты соттың алдын ала тыңдауында істі жабық сот отырысында қарау мәселесін қарады, деп хабарлайды Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Бүгін Астанада Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта істі алдын ала тыңдау басталды. Зардап шеккен тараптың адвокаты істі жабық отырыста қарауға ауыстыру туралы өтініш берді – бұл алдын ала тыңдауға да, негізгі сот отырыстарына да қатысты.
Бабақұмаровтардың адвокатының айтуынша, істің егжей-тегжейін білмеуге тиіс марқұмның кәмелетке толмаған балалары бар.
Сонымен қатар марқұм мемлекеттік қызметкер болғандықтан, оған қатысты ақпарат құпия болуы мүмкін. Сот отырысына қатысушылардың бәрі, соның ішінде айыпталушы да, өтінішті қолдады.
Кеңесетін бөлмеден келген соң судья өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдады, бұдан былай іс жабық отырыста қаралады. Іс бойынша сотталушы Е.К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша айыпталуда.