Семей қаласының Юность ауданында екі көлік өртеніп кетті. Куәгерлер өрт қасақана қойылғанын айтуда. Абай облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды paryz.kz.
Желіде Семейдегі Юность ауданында екі көліктің өртеніп кеткені туралы видео тарады.
Абай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 2026 жылдың 25 қаңтарында сағат 18:10-да бұрын сотталған 66 жастағы жергілікті тұрғын полиция бөлімшесінің жанында мас күйде заңсыз әрекет жасады – ол полиция қызметкерлеріне тиесілі Chevrolet Cobalt және Changan көліктерін өртеп жіберді. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.