Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанда вице-президентке қандай өкілеттілік беріледі

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында вице-президентке берілетін өкілеттіліктер талқыланды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанда вице-президентке қандай өкілеттілік беріледі
Фото: Консультациялық сот

Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевтың айтуынша, вице-президенттің кандидатурасын мемлекет басшысы ұсынады. Ал құрылтай (қазіргі мәжіліс – Sputnik) өз келісімін береді.

Ол үшін депутаттар дауыс береді. Вице-президенттің негізгі міндеттері:

президент тапсырмасымен халықаралық қатынастарда Қазақстанның мүддесін білдіру;

құрылтай, үкімет пен басқа да мемлекеттік органдарда президенттің атынан сөз сөйлеу;

Қазақстан мен шетелдің қоғамдық-саяси, ғылыми-мәдени және оқу-ағарту ұйымдарымен жұмыс істеу.

Вице-президенттің басқа да өкілеттіліктерін мемлекет басшысы анықтайды. Ал Конституциядан мемлекеттік кеңесші туралы ережелерді алып тастайды. Соның орнына вице-президентке қойылатын талаптар енгізіледі.

"Вице-президент өкілдік органда депутат бола алмайды. Сондай-ақ ақы төленетін басқа да лауазымдарды атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады. Саяси партияның құрамында болмауы шарт", - дейді Жиенбаев.