Қазақстанда Ата заңға өзгерістер енгізу бойынша құрылған арнайы комиссия өз жұмысын бастайды. Бүгін, 24 қаңтарда, жаңадан құрылған Конституциялық комиссияның алғашқы отырысы өтеді, деп хабарлайды paryz.kz Конституциялық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Реформалардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия отырысы жұртшылық үшін ашық форматта өтеді.
Кез келген азамат талқылау барысын онлайн режимде бақылай алады. Отырыс бүгін сағат 14:00-де басталады.
Трансляция платформалары: Конституциялық соттың ресми Telegram арнасы; Facebook желісіндегі ресми парақша; Конституциялық реформаның арнайы Telegram арнасы.