Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 506,7 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,46 теңгеге төмен, деп хабарлайды paryz.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 21 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы – 507,05 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 506,63 теңге, сату бағамы – 508,85 теңге.
Астанада долларды орта есеппен 506 теңгеден сатып алып, 513 теңгеден сатып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 506,75 теңгеден сатып алып, 508,9 теңгеден сатуда.