Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанда Конституциялық комиссия құрылады

Қазақстанда Конституциялық комиссия құрылады. Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Бұл туралы мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда. 

Қазақстанда Конституциялық комиссия құрылады
Фото: nur.kz

Президенттің айтуынша, бастапқыда парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болған.

"2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал ендігі өзгерістер одан да ауқымды. Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы жарлыққа ертең қол қоямын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді. Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді.

"Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз", - деді президент.