"Қазгидромет" демалыс күндеріне жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Сібір аумағынан келген антициклон 17-18 қаңтар күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде аязды ауа райын сақтап тұрады.
"Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. Бұл өңірлерде негізінен қар түрінде жауын-шашын түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейіп, көктайғақ болады", - дейді синоптиктер.
Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында қалың қар түседі.
Ал жаңа аптаның басында республиканың солтүстігіне, солтүстік-батысына және орталығына кезекті солтүстік-батыс циклон ығысып, қар мен бұрқасын әкеледі, сондай-ақ аталған өңірлерде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Республика бойынша тұман түседі.