Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді

"Жасанды интеллект туралы" заңының жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өзгертілген контентті таңбалауды міндеттейтін нормалары күшіне енді, деп хабарлайды paryz.kz.

Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді
Фото: gov.kz

Аталған Заңның 21-бабына сәйкес жасанды интеллект арқылы жасалған немесе өзгертілген және шынайы оқиғаларды имитациялайтын суреттерді, бейнематериалдарды, аудиожазбаларды және мәтіндерді тарату аудиторияға арнайы таңбалау мен ескерту болған жағдайда ғана рұқсат етіледі:

Контентті таңбаламау жасанды интеллект саласындағы реттеудің негізгі қағидаттарына - ашықтық пен жауапкершілікке қайшы келеді;

Жасанды интеллектіні пайдалану адамдарды адастыруға немесе шындықты қабылдауды бұрмалауға жол бермеуі тиіс;

Адамның әл-ауқаты мен еркін шешім қабылдау құқығы басымдық болып қалады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы таңбаланбаған жасанды интеллект контенті, әсіресе қоғамдық маңызы бар және әлеуметтік тұрғыдан сезімтал тақырыптарда, манипуляциялар, жалған ақпарат және дипфейктердің таралу қаупін арттыратынына назар аударады.

Осыған байланысты орталық БАҚ өкілдерін, блогерлерді және цифрлық платформалардың әкімшілерін генеративті жасанды интеллект технологияларын қолдану кезінде жауапкершілік пен ашықтық қағидаттарын сақтауға шақырады.