Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

eGov көлік нөмірін таңдау кезінде туындайтын мәселені түсіндірді

Электронды үкімет өтініштен кейін адам атына бекітілмеген көлік нөмірлерінің мәселесін шешу жолын түсіндірді, деп хабарлайды paryz.kz.

eGov көлік нөмірін таңдау кезінде туындайтын мәселені түсіндірді
Фото: sputnik.kz

Мемлекеттік тіркеу нөміріне тапсырыс беру қызметі 8 қаңтарда пилоттық режимде іске қосылған болатын. Алғашқы екі күнде 113 мыңнан астам өтініш берілсе, 15 қаңтарға қарай өтініштердің жалпы саны 226 мыңнан асты.

Бірақ жекелеген жағдайларда өтінімді онлайн рәсімдеу кезінде төлемнен кейін таңдалған нөмір басқа пайдаланушыларға әлі де қолжетімді болып тұрады. 

"Мұндай жағдайда "Бұрын төленген" опциясын таңдап, банк пен төлем күнін көрсетіп, өтінішті қайта тапсыру қажет. Процедура аяқталған соң нөмір пайдаланушыға бекітіліп, басқа өтініш берушілерге қолжетімсіз болады", - дейді eGov мамандары. 

Айта кетері, мемлекеттік нөмірді таңдау үшін 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде баж төлеу керек. Ал "әдемі" нөмірге 15 АЕК (65 мың теңге) төлеуге тура келеді. Бірақ жоғары сұраныстағы мемлекеттік нөмірлерге басқа баж қолданылады.

Мысалы, ең қымбаттары: барлығы бірдей әріптермен жазылған 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Олардың құны 285 АЕК – шамамен 1 230 000 теңге тұрады.