Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

БАҚ: Пхукетте Қазақстан азаматтары мінген қайық апатқа ұшырады

Тайландтың Пхукет аралында Қазақстан азаматтары мінген қайық апатқа ұшырағаны белгілі болды. Бұл туралы Kazinform тілшісіне Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растаған, деп жазады paryz.kz.

БАҚ: Пхукетте Қазақстан азаматтары мінген қайық апатқа ұшырады
Фото: pixabay

Ведомствоның мәліметінше, қайықта Қазақстанның сегіз азаматы отырған. Зардап шеккен барлық адамға жедел медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның үш азаматы ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауында.

"Олардың жағдайы тұрақты. Шығындарды сақтандыру компаниясы өтейді", - делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі консул азаматтармен тұрақты байланыс орнатып, оларға қажетті қолдауды көрсетіп отырғанын мәлімдеді.