Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жаңа жылдан бастап әскерилердің жалақысы тағы өсетін болды

1 қаңтардан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі аясында жалақыны арттырудың екінші кезеңі іске асады. Яғни, офицерлер үшін тағы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрам үшін бірінші кезең деңгейінен 10 пайызға өсіру көзделген, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаңа жылдан бастап әскерилердің жалақысы тағы өсетін болды
Фото: Joe Raedle / Getty Images

Қорғаныс министрлігі ұсынған деректерге сай, былтыр, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап офицерлік құрамның жалақысы орта есеппен 20,3 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрамдікі 33,9 пайызға артқан. Сонымен қатар бұрын жойылған далалық төлемдер жүйесі қайта енгізілген. Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі аясында жалақыны арттырудың екінші кезеңі іске асады.

"Яғни, офицерлер үшін тағы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрам үшін бірінші кезең деңгейінен 10 пайызға өсіру көзделген. Тұрғын үймен қамтамасыз ету саласы да елеулі түрде дамыды. 2025 жылғы 17 қарашадан бастап "Отбасы банк" тұрғын үй төлемдерін алатын әскери қызметшілерге арналған арнайы ипотекалық өнімдерді іске қосты. Бастапқы жарнасы 20 пайыздық "Әскери баспана" бағдарламасы қайталама тұрғын үй нарығынан баспана сатып алуға бағытталған. Алдын ала қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 18 пайыз және тұрғын үй құнының 50 пайызы жинақталған кезде 5 пайызға төмендейді. "Наурыз әскери" бағдарламасы бастапқы жарнасыз жаңа құрылыстан пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Астана мен Алматы қалаларында қарыздың ең жоғары сомасы 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін, ал бастапқы жарна 20 пайыздан асқан жағдайда 80 млн теңгеге дейін жетеді. Қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 9 пайызды құрайды", - делінген хабарламада.