Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Атыраудағы жұмбақ өлім: күдіктіге іздеу жарияланды

Атырау облысында жоғалған ерлі-зайыптының денесі табылғаннан кейін күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды paryz.kz.

Атыраудағы жұмбақ өлім: күдіктіге іздеу жарияланды
Фото: polisia.kz

Бұған дейін Жангелдин ауылының тұрғындары – ерлі-зайыпты, олардың қызы мен ұлының жоғалғаны туралы арыз түскен. Сол кезде осы отбасының тағы бір қызы мен күйеу баласы із-түзсіз жоғалған. Полицейлер екеуінің Сарыағаш жақтағы Қапланбек бекеті арқылы Өзбекстанға өтіп, ары қарай шетел асып кеткенін анықтады. Ал 6 қаңтарда хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптының мәйіті табылған болатын.

"Атырау облысында Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды. Қылмысқа күдікті – Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ өзге де тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - дейді полицейлер.