Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда бір апта бұрын жоғалған жасөспірім табылды

Алматыда полиция қызметкерлері 2025 жылғы желтоқсан айының соңынан бері іздеуде болған 14 жастағы жасөспірімді тапты. 

Алматыда бір апта бұрын жоғалған жасөспірім табылды
Фото: polisia.kz

Із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған баланы іздеуге полиция бөлімшелерімен қатар еріктілер ұйымдары мен белсенді азаматтар тартылды.

«Қоғам» жедел әрекет ету жасағының мәліметінше, жасөспірім 2025 жылғы 30 желтоқсанда үйінен шығып кеткен. Жасөспірімнің жүрген жерін Жетісу аудандық полиция басқармасының криминалдық және ювеналдық полиция қызметкерлері анықтады. 

– Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Бұған дейін де жасөспірім үйінен бірнеше рет кетіп қалған. Табылған сәтте ол тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде «қаңғып жүрген», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кәмелетке толмаған бала анасына тапсырылды. Отбасымен профилактикалық және түсіндіру әңгімесі жүргізіліп, материалдар ювеналдық полицияның бақылауына алынды.

Полиция өкілдері іздестіру жұмыстарына көмектескен еріктілер мен азаматтарға алғыс айтты.