Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Келер жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте 2026 жылы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өсетінін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

Келер жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі
Фото: pixabay

Мәлімдеуінше, бұл мақсатқа бюджеттен 636 млрд теңге қарастырылған.

Журналистердің сұрағына жауап берген вице-премьер Үкімет саясатының басты басымдығы қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті.

2025 жылы әлеуметтік бюджет көлемі шамамен 6 трлн теңге болды. Ал келесі жылға біз 6,8 трлн теңге көлемінде әлеуметтік бюджет қарастырып отырмыз. Бұл – биылғы жылмен салыстырғанда 887 млрд теңгеге артық. Бұл қандай қаражат? Зейнетақылар мен жәрдемақылар 10 пайызға ұлғаяды (салыстыру үшін: 2025 жылы өсім 8,5 пайыз болған). 2026 жылғы бюджетте тек зейнетақы мен жәрдемақыны арттырудың өзіне 636 млрд теңге қарастырылған, – деді Серік Жұманғарин.