Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Алдағы бірнеше күнде Қазақстан аумағындағы ауа райын батыстан шығысқа қарай жылдам ығысатын циклон қалыптастырады, деп хабарлайды paryz.kz.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: Арман Мухатов

Ол өзімен бірге қар, бұрқасын, желдің күшеюін, ал батыс өңірлерде көктайғақ құбылыстарын алып келеді. Алайда 25 желтоқсанда циклонның орнын суық ауа массасының басып кіруі алмастырады.

Соның салдарынан түнгі уақытта елдің батысында ауа температурасы 20-25 градус аязға, ал солтүстігінде 23-28 градус аязға дейін төмендейді.

Тек республиканың оңтүстігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, күндізгі уақытта ауа температурасы 2-7 градус жылуға дейін көтеріледі.