Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда жер сілкінісі болды

Алматы тұрғындары 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда жер сілкінісі болды
Фото: istockphoto

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 2 балл шамасында сезілді. ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының

Қазақстандық деректер орталығының дерегіне сәйкес, жерасты дүмпулері 2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 02:16-да Астана уақытымен (Гринвич бойынша 21 желтоқсан сағат 21:16) Қытай аумағында тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрінің координаттары: солтүстік ендіктің 41,23 градусы, шығыс бойлықтың 78,87 градусы. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,0, энергетикалық класы — K=11,5.