Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Атырау облысында жоғалған аңшы төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

Атырау облысында аңға шығып, хабарсыз кеткен ер адам төрт күннен бері іздестіріліп жатыр. Іздеу шараларына тікұшақ қосылды, - деп хабарлайды paryz.kz.

Атырау облысында жоғалған аңшы төрт күннен бері іздестіріліп жатыр
Midjourney арқылы жасалған

Облыстық ТЖД мәліметінше, іздеу-құтқару жұмыстары шамамен 100 шақырым радиуста үздіксіз жүргізіліп жатыр.

"Операцияға ТЖД мен полиция департаментінің жеке құрамы, сондай-ақ жоғалған азаматтың достары мен туыстары жұмылдырылған. Жалпы саны 43 адам, 11 техника және үш ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған. Бүгін қосымша күштерді жұмылдыру жоспарланып отыр", - дейді ТЖД өкілдері.

Сонымен қатар іздеу барысында EC-033 тікұшағы да пайдаланылғаны хабарланды