Прямая трансляция

Астана

Астана

24.72°C

Канье Уэсттің концертіне билет сатпақ болған күдікті ұсталды

Америкалық рэпер Канье Уэсттің Алматыдағы концертіне санаулы күндер қалғанда, алаяқтар халықтың қызығушылығын өз пайдасына жаратпақ болған. Полиция интернет арқылы концерт билеттерін заңсыз сатуға жасалған әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды paryz.kz.

Канье Уэсттің концертіне билет сатпақ болған күдікті ұсталды
Фото: Ap photo

Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында алдағы концертке билет сататыны туралы хабарландыру жариялаған жас жігітті анықтады. Полицияның мәліметінше, оның әрекеті ешкім ақша аударып үлгермей тұрып тоқтатылған.

Алматы қалалық полиция департаменті ірі концерттер мен спорттық іс-шаралар қарсаңында қызметкерлер әлеуметтік желілерді, хабарландыру сайттарын және басқа да онлайн-платформаларды тәулік бойы бақылап отыратынын атап өтті.

Мұндағы мақсат – алаяқтық схемаларды және жоғары сұранысты пайдаланып заңсыз пайда табуға бағытталған әрекеттерді дер кезінде анықтау.

Полицейлер тұрғындарды концерт билеттерін тек ресми сервистер арқылы сатып алуға, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және интернеттегі шектен тыс тиімді көрінетін ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырды.