Шымкентте магнит жұтып қойған 3 жасар балаға ота жасалды.
Іші ауырған сәби қалалық балалар ауруханасына жеткізіледі.
Ата-анасының айтуынша, ол ойнап жүріп бірнеше магнит жұтып қойған. Қабылдау бөлімінде науқасқа шұғыл медициналық шаралар жүргізіліп, кейін хирургия бөлімшесіне жатқызылады.
Рентгенологиялық зерттеудің тікелей проекциясында баланың ішінен бөгде зат анықталған.