Астанада үстіне кондиционер құлап, қаза болған фельдшердің қазасына қатысты тергеу аяқталуға жақын. Бұл оқиғаға байланысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.
"Кондиционердің құлау фактісі бойынша сапасыз құрылыс дерегі және адам өміріне қауіп төндірген қызмет көрсету фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғадық. Бұл оқиғада фельдшер қаза тапты. Қазір әділет министрлігінің сарапшылары осы қылмыстық іс аясында бірқатар сот сараптамасын жүргізіп жатыр, нәтижесін күтіп отырмыз", - дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
Еске салсақ, 8 қарашада Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап, бірнеше адам жарақат алған. Оқиға орнында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге келген фельдшердің үстіне сол сәтте кондиционер құлап, ол ауыр жарақат алған.