2027-2029 жылдар аралығында ҰБТ-ның жаңа форматы сыналатын болады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова.
"ҰБТ-ны жетілдіру процесі кезең-кезеңімен өтетін болады. Алдымен пилоттық тәртіпте, кейін іс жүзінде жүзіге асырамыз. Қазіргі уақытта ҰБТ сол күйі қалады", - деді Көбенова.
2025 жылдың қарашасында Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылы жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады. Оның форматы өзгеріссіз қалады.
Яғни, бес пән: үш міндетті және екі бейінді. Орталықтың мәліметінше, сәтті өту үшін келесі нәтижелерден төмен емес балл жинау қажет:
математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы - 10 тапсырмадан, екі пән бойынша да шекті балл - 3;
Қазақстан тарихы - 20 тапсырма, шекті балл - 5;
екі бейіндік пән – 40 тапсырмадан, әрқайсысында 50 балл, шекті 5 балл жинауға болады.