Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Ақорда

Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Президент.