Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО бас директоры Халед әл-Ананиден хат келіп түсті, деп хабарлады Ақорда.
ЮНЕСКО бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген.
"Халед әл-Анани Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар ЮНЕСКО бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады.