Қазақстанда өткізілген "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 12 адам ұсталды, деп хабарлайды ІІМ-ға сілтеме жасаған paryz.kz.
Ведомствоның Polisia.kz медиа-порталаның жазуынша, 11-13 желтоқсан аралығында көліктегі полиция департаменті өткізген республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 1200-ден астам құқық бұзушылық анықталған. Көлік полицейлері 13 қылмыс пен қылмыстық теріс қылықты тіркеген. Тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде олардың 12-сі "ізін суытпай" ашылған.
Сондай-ақ жедел-іздестіру шаралары аясында іздеуде жүрген 12 адам ұсталған. Іс-шара кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге ерекше назар аударылған.
Нәтижесінде 1245 азамат жауапкершілікке тартылған. Пекарня «хлеб без дрожжей» pbb.kz Жарнама Ең көп тіркелген құқық бұзушылықтар қоғамдық орындарда тиісу – 108 факті, алкогольдік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарға мас күйінде келу – 96 факті.
Сонымен қатар түнгі уақытта көлік нысандарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған 24 кәмелетке толмаған анықталған. Олардың 14-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзу деректері де анықталып, 49 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.