Прямой эфир
Астана
25.77°C
Қазақстанда 70 жастағы әйелді өлтіру және зорлау ісі 20 жылдан кейін ашылды, - деп хабарлайды paryz.kz.
Қылмыстық тергеу департаментінің бастығы Сергей Стихеевтің айтуынша, ІІМ өткен жылдардағы қылмыстарды ашу бойынша жұмыстарды күшейткен.
Ол заманауи технологиялар мен мұрағат материалдарын қарау күдіктілерді көп жылдар өткеннен кейін де табуға көмектесетінін атап өтті. Стихеев осындай бір іс туралы айтып берді.
"2006 жылы Қарағанды облысында аса ауыр қылмыс жасалды. Жетпіске таяған әйел дүкенге бара жатқан жолда қаңырап қалған ат қорасының жанынан өткен. Сол жерде оған белгісіз адам шабуыл жасап, зорлап, өлтірген. Оқиға орнында аз мөлшерде биологиялық іздер ғана қалған", - деді Стихеев.
Оның айтуынша, сол кездегі техникалық мүмкіндіктер бұл іздерді сәйкестендіруге жеткіліксіз болған. Қылмыс жылдар бойы ашылмай келген.