Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 06.12.2025 16:17 Обновлять, 07.12.2025 18:34

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты тасжолдар жабылды

Қазақстанның ауа райына байланысты бірқатар өңірінде тасжолдар жабылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты тасжолдар жабылды
Фото: istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ мәліметі бойынша 2025 жылғы 6 желтоқсан сағат 22:00-де ауа райының нашарлауына байланысты мына республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:

Ақтөбе облысы: «РФ шек. (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)» автожолының 965-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ а.- Қызылорда облысы шек.).

Қызылорда облысы: «РФ шек. (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)» автожолының 1240-1360 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе обл. шек.-Арал қ.).