Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 05.12.2025 11:35 Обновлять, 05.12.2025 12:20

Ауа райы күрт нашарлайды: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» мәліметінше, 5 желтоқсанда еліміздің 16 өңірі мен Астанада қолайсыз ауа райы болжанады. Жолдарда көктайғақ, төмеңгі жолды боран және қар жауады, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетпек, деп хабарлайды paryz.kz.

Ауа райы күрт нашарлайды: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Алакөл маңында да жел екпіні 15-20 м/с шамасында болады. Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және өзге де облыстарда көктайғақ пен тұман болуы мүмкін.

Астанада да көктайғақ күтілсе, Орал мен Шымкентте тұман түседі. Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарында қар, көктайғақ және боран болжанады.

Кей аумақтарда қар мол түседі. Метеорологтар тұрғындар мен жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтауға, әсіресе жолда және таулы жерлерде абай болуға кеңес береді.

Ауа райына қатысты жаңартылған ақпаратты қадағалап отыру ұсынылады.