Прямая трансляция

Астана

Астана

30.65°C

+44°C дейін ыстық пен жауын-шашын: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның кей аймағында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, кей өңірде 35-44 градус аптап ыстық болатынын да ескертті, деп хабарлайды paryz.kz.

+44°C дейін ыстық пен жауын-шашын: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: depositphoto

Бірқатар өңірде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Ираннан келетін құрғақ ауа массаларының әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Елдің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі, тек Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерінде бірінші тамыздағы қатты ыстықтан кейін күндіз ауа температурасы 25-35 градусқа дейін төмендейді. «Қазақстанның қалған бөлігінде термометр бағаны орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста 33-41 градусқа, ал оңтүстікте 35-44 градус ыстыққа дейін жетеді», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.