Прямой эфир
Астана
25.77°C
Төтенше жағдайлар министрлігі өкілі Алматыда қатты жер сілкінісі күтілмейтінін мәлімдеді. Министрліктегілер сейсмикалық жағдайға талдау жүргізді, деп хабарлайды paryz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сейсмикалық жағдайды талдай келе 2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атап өтеміз. Алматы болжау полигоны ауумағында МСК-64 (К) сейсмикалық шкаласы бойынша қатты жер сілкіністері күтілмейді", - деді Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерік Әліпұлы.