Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 02.12.2025 17:27 Обновлять, 02.12.2025 18:34

Ақтөбеде оқушы өлі күйде табылды

Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім өлі күйде табылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтөбеде оқушы өлі күйде табылды
Фото: istockphoto.com

№31 мектептің 16 жастағы оқушысы қайтыс болды. Жасөспірім моншада қосымша жұмыс істеп, ақша тауып жүрген.

"1 желтоқсан күні полицияға Ақтөбе қаласының екі тұрғыны 30 қараша күні үйлерінен шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмағаны туралы хабар түсті. Полиция тарапынан дереу іздестіру шаралары басталды", - дейді облыстық полиция департаментіндегілер. Іздестіру барысында өзен жағасынан із-түссіз жоғалғандардың ұялы телефондары табылған. 

"Іздеу жұмыстарына ТЖД күштері мен құралдары, әскери қызметкерлер және еріктілер тартылды. Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жоғалғандардың денелері өзеннен табылды. Олардың денелерінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ", - дейді ведомстводағылар.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.