Прямой эфир
Астана
25.77°C
Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде рұқсат етілген жылдамдыққа қатысты таралып жатқан хабарламаның жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.
"00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны" жөнінде таралып жатқан хабарлама фейк. Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық – 60 км/сағат", - делінген ресми хабарламада.
Ведомство камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайтынын еске салды.
"Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол жүрісі қағидаларын сақтап, мұқият болыңыздар!" - деп ескертті ІІМ өкілдері.