Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 28.11.2025 15:41 Обновлять, 28.11.2025 16:39

Банктерге кредит беру қиын болады – экономист

Экономист Айбар Олжай биыл қыркүйектен бастап банктер үшін минималды резервтік талаптардың жаңартылған нормативтері күшіне енгенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Банктерге кредит беру қиын болады – экономист
фото: Арман Мухатов

Айтуынша, бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша өтімділік профициті 7,7 триллон теңгеден 5,8 триллион теңгеге дейін қысқарды.

Сонымен қатар, банктер резервінің көлемі 0,8 трлн теңгеден 2,6 трлн теңгеге дейін өсті. Екінші кезеңде алынатын өтімділіктің жалпы көлемі 3,5 трлн теңгеге жетсе, үшінші кезеңде 3,9 трлн теңгеге жетеді.

«Бұл әр кредит бергенде банк сол кредитке резерв, провизия ақша сақтауы тиіс. Сол ақшаның көлемі артты. Банкке кредит беру қиын болады. Көп кредит бере алмайтын болады, себебі капиталы провизияға жетпей қалуы мүмкін. Осы арқылы банктер кредиттеу көлемін қысқартуы тиіс. Кредит жоқ болса, халықта ақша болмайды, ешкім рассрочка алмайды, біз фен, телефон, ноутбук сияқты импортты қысқартамыз да, инфляция тыншиды», - деді экономист. 

Айбар Олжай сондай-ақ банктер тұтынушылық кредиттен РЕПО операциясына ауыса бастайтынын жеткізді. РЕПО – бұл қайтарымды сатып алу-сату келісімі.

Яғни бір тарап бағалы қағазды екінші тарапқа уақытша сатады, бірақ кейін белгілі бір күні оны қайта сатып алуға міндеттенеді. РЕПО көбейеді.

Яғни қысқамерзімді ноталар шығару көлемі 3 есеге, нақты 1,5 триллион теңгеге дейін өседі. Бұл нені білдіреді? Қаржы ұйымдардың артық ақшасы осы РЕПО-ға кете бастайтын болады. Банктер тұтынушылық кредиттен РЕПО-ға ауыса бастайды. Осы жылдың басынан валюталық операцияларды теңестіру тетігі енгізілді. Ол алтын сатып алуды және валюталық түсімнің эмиссиялық әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Биылғы он айда 2,7 трлн теңге алынды. Жыл соңына дейін қосымша шамамен 1 трлн теңге алу жоспарлануда, - деді маман.