Прямой эфир
Астана
25.77°C
Сот облыстық көлік прокуратурасының қызметкері қатысқан алаяқтық ісі бойынша сот отырысын аяқтады. Бұрынғы мемлекеттік қызметкер кінәлі деп танылып, жазаға тартылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Тергеушілердің айтуынша, айыпталушылар алдын ала сөз байласып, қылмыстық іс бойынша үкім шығаруға ықпал етуге уәде етіп, жәбірленушіден 2,5 миллион теңге талап еткен.
Сот отырысы барысында екі тарап та кінәсін мойындап, өкінгенін білдірді. Сот айыпталушылардың бірі кәсіби этиканы бұзған деп санады, ал жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындауы, өкінуі және жас балаларының болуын есепке алды.
"Экс-прокурор 2 жыл 7 айға бас бостандығынан айыру және әкімдіктерде, Ұлттық банкте және квазимемлекеттік секторда мемлекеттік қызмет атқаруына өмір бойына тыйым салу жазасына кесілді", - деп жазылған хабарламада.
Іс бойынша екінші айыпталушы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Үкім әлі күшіне енген жоқ және сот үкіміне екі тарап та шағымдана алады.