Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 26.11.2025 14:30 Обновлять, 26.11.2025 15:18

Ақтөбеде мұнай ұрлап шетелге сатқандар 8 миллиард теңге табыс тапқан

Ішкі істер министрлігі мұнай өнімдерін ұрлау және контрабандалық жолмен тасымалдау арналарын әшкерелеп, қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды paryz.kz.


Ақтөбеде мұнай ұрлап шетелге сатқандар 8 миллиард теңге табыс тапқан
фото: видеодан скриншот

Министрлік мәліметінше, қараша айында Ақтөбе облысында полицейлер мұнай өңдеудің бастапқы өнімін жалған құжаттар арқылы ұрлау және тасымалдаумен айналысқан адамдар тобының әрекетін әшкереледі.

Тағы екі өңірде ұйымдастырушылардың нұсқауымен шамамен 60 тонна мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері ұсталды.

Тұрғын үйлер мен бір кәсіпорында жүргізілген тінту барысында шамамен 400 тонна мұнай өнімі, атыс және газ қарулары, заңға қайшы операцияларды растайтын құжаттар тәркіленді.

Басқа қылмыстық іс шеңберінде шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару арнасына тартылған компанияның қызметі тексеріліп жатыр. Алдын ала деректер бойынша кәсіпорын құны шамамен 8 миллиард теңге болатын 30 мың тоннадан астам жанармайды экспорттаған.

Қазан айында мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу пункттерінің бірінде осы компанияға тиесілі, көрші мемлекетке 300 тонна жанармай алып бара жатқан төрт вагон анықталды.

Анықталған барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды. Ішкі істер министрлігі мұнай өнімдерін ұрлау фактілерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.