Прямой эфир
Астана
25.77°C
«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда алдағы күндері ауа райы жылы болады.
Антициклон әсерінен республика аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік және шығыс өңірлерде фронтальды бөліктермен кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын өтеді.
Алайда антициклонның суық ауа массаларымен толығуы елдің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.
«29 қарашада түнгі уақытта солтүстік өңірлерде термометр бағандары минус 8-13°С дейін, ал оңтүстік жартысында минус 2-7°С дейін төмендейді», – делінген синоптиктердің болжамында.