Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 21.11.2025 15:54 Обновлять, 21.11.2025 17:47

Түркістан облысында ветеринарлар 271 млн теңге субсидияны жымқырған

Түркістан облысының прокуратурасы субсидия қаржысын жымқыру фактісін сотқа жолдады.

Түркістан облысында ветеринарлар 271 млн теңге субсидияны жымқырған
Фото: Kazinform

Тергеу барысында анықталғаны, аудандық ветеринария қызметінің 4 маманы ауыл тұрғынымен сөз байласып, шаруа қожалықтарының аттарына іс жүзінде болмаған 100 мың бас шамасындағы ұсақ малды ақпараттық жүйеде заңсыз тіркеп, 271 млн теңге субсидия жымқырып, өзара бөліскен.

 - Түркістан қаласының сотымен алаяқтық жолмен, жоқ малдарға жалған құжаттар әзірлеп, субсидия қаражатын жымқырған 5 тұлға кінәлі деп танылып, 4 күдікті 5,2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, бір адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, соңынан рақымшылық актісін қолданып сот істі тоқтатты. Мемлекеттің пайдасына 50 млн теңге өндірілді, сонымен бірге 120 млн теңгеге мүлікке тыйым салынды, - делінген облыс прокуратурасының ресми хабарламасында.

Прокуратура мәлімдегендей, мемлекеттен бөлінген субсидия қаражатын жымқырғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген және ол әрекеттер үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.