Прямой эфир
Астана
25.77°C
Маңғыстау облысында ер адам полиция бөлімшесінің бақылау-өткізу пунктінің жанында өз-өзін өртемек болды, деп хабарлайды paryz.kz.
Әлеуметтік желіде ер адамның өзін өртемек болған сәттегі видеосы тарады.
Белглі болғандай, полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде жолда көлікті тоқтатып, оның жүргізушісін жол ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Ер адам полиция бөлімінің бақылау-өткізу пунктіне келіп, қызметкерлердің заңды әрекеттеріне наразылық білдірді.
«Сол кезде өзіне сұйықтық құйып, өз-өзін өртемек болды. Оның әрекеті дер кезінде тоқтатылып, медицина мекемесіне жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде,» - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі.