Прямой эфир
Астана
25.77°C
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин келесі жылдан бастап зейнетақының неліктен 10 процентке ғана көтерілетінін түсіндірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Биыл қазан айында инфляция 12,6 процент болды. Үкіметтің қазіргі болжамына сәйкес, келесі жылы инфляция 9-11 процентке дейін төмендейді.
"Орташа 10 процент болуы керек. Сондықтан зейнетақының индексациясын да 10 процент деп қойдық", - деді Жұманғарин сенатта өткен брифингте.
Осы орайда журналистер әлеуметтік төлемдердің индексациясы инфляциядан сәл жоғары болуы керектігін еске салды. Оған вице-премьер қысқа ғана жауап берді.
"Ол бюджетіміздің мүмкіндіктеріне байланысты болып тұр. 10 процент бюджетке енгізіліп жатыр", - деп атап өтті ол.