Прямая трансляция

Астана

Астана

25.9°C

Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның биылғы алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы есепті тыңдады.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, аталған кезеңде сомасы 5,8 триллион теңгені құрайтын 13 ірі мемлекеттік аудит жүргізілген. Тексеру жұмыстары жекелеген өңірлердің жергілікті атқарушы органдарын, «Проблемалық кредиттер қоры», «Аграрлық корпорация», «Қазпошта», «Ақтау теңіз порты» акционерлік қоғамдарын, денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымы мен бірқатар мемлекеттік органдарды қамтыды. Президентке анықталған кемшіліктерді жою нәтижесінде мемлекет бюджетіне 128 миллиард теңге қайтарылғаны жөнінде баяндалды. 

Үкімет пен аудит нысандарына 35 ұсыным мен 413 нұсқама жіберілді. Мемлекет басшысының бюджет үдерісін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ұлттық заңнамаға Жоғары аудиторлық палатаның бастамасымен бірқатар өзгеріс енгізілді.

Атап айтқанда, макроэкономикалық болжам қалыптастырудың жаңа ережесі қабылданып, мемлекет қаражатын жұмсауға қатысты қазыналық бақылау күшейтілді және төртінші тоқсанда бюджетке түзету енгізуге тыйым салынды.